Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар бір бұқаны таңдап алып, шалып, дайындады. Мұнан кейін олар таңертеңнен түске дейін Бағалға сиынып: «Уа, Бағал, бізге жауап бере гөр!» — деп айқайлаумен болды. Бірақ ешбір дауыс та шықпады, ешкім жауап та қатпады. Бағалдың пайғамбарлары өздері тұрғызған құрбандық орнының айналасында секіріп билей берді. Бағалдың пайғамбарлары өршелене айқайлап, дәстүрлері бойынша денелерінен қан шыққанша өздерін найза-семсермен тілгілей берді. Ал табынғандар жалған тәңірлергеҚоладан құйылған мүсіндеріне:«Құдайымыз сенсің» деп бас ұрады,Содан беттері күйіп масқара болады! Енді сол ағашты адам отын етеді. Бір бөлігін отқа жағып, жылынса, басқасымен нан пісіреді. Ал қалған ағаштан «қуыршақ тәңірін» ойып мүсіндеп, соған иіліп табынады! Адамдар жай мүсін жасап алып, оның алдына жерге жығылып құлшылық етеді! Ей, басқа ұлттардың жойылудан қашып құтылғандары, бәрің де жиналып, қасыма жақындаңдар! Ағаштан жасалған тәңір мүсінін көтеріп алып жүрушілер, өздерін құтқара алмайтын тәңірсымаққа сиынушылар қандай аңқаулар!
Выбор основного перевода