Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кім бұларды жоспарлап, жүзеге асырады? Кім болашақ дәуірлерді алдын ала жариялайды? Мұны істеуші Мен, Жаратқан Иемін! Алғашқы да, Соңғы да Өзіммін!» Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Мен Жаратқан Иемін, Менен басқа Құтқарушы жоқ! Сендерді құтқарушы Қамқоршыларың, Исраил сиынған Киелі Құдай, мынаны айтады: «Сендер үшін Мен Бабылға (жау әскерін) жіберемін. Осылай Бабылдың барлық тұрғындарын, араларындағы халдейлерді де, бұрын даурыға мақтан тұтқан кемелеріне мінгізіп, қашып кетуге мәжбүрлеймін. «Ей, Жақыптың ұрпақтары, Мен өз халқым болуға шақырған Исраил, сөзіме құлақ түріңдер! Мәңгі тірі Жаратқан Иемін, Алғашқы да, Соңғы да Менмін. Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді. Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын Алғашқы да Соңғы, Бастапқы да Ақырғы, Басы да Аяғы Менмін.
Выбор основного перевода