Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол айлакер қулардың жоспарларын бұзып, оларды табысқа жеткізбейді. Құдай данышпан делінгендерді қулықтарынан ұстап алады. Айлакер зұлымдардың арамза кеңестері тез құриды. Сонда мысырлықтар жүрексініп, түңіліп, Мен олардың жоспарларын шатастырамын. Олар өздері табынған жалған тәңірлері мен аруақтарынан, жынын шақырған бақсылар мен сәуегейлерден ақыл-кеңес сұрайтын болады. Сондықтан біліп қойыңдар: Мен осы халыққа тағы да әдеттен тыс, таңғажайып та керемет бір нәрсе істеймін. Сонда олардың дана адамдарының даналығы жойылып кетеді, ақылдыларының ақылы жоқ болады». Жаратқан Ие кіммен ақылдасқан,Кім түсінік беріп те еді Оған?Кім Жаратушыны білімге үйреткен,Оған даналық жолын да нұсқаған? «Олай болса, даналар мен ғұламалар қайда, осы дүниелік ұлы істер туралы айтысқыш шешендер ше?» Құдай солардың бәрін де ақымақтар, ал даналықтарын түкке тұрғысыз ақылсыздық қылып көрсетті емес пе? Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады.
Выбор основного перевода