Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде Ешуа исраилдіктерді өзіне шақыртып, оларға былай деді: «Мұнда жақындап, Құдайларың Жаратқан Иенің сөздерін тыңдаңдар! Сендер мына жайттардан мәңгі тірі Құдайдың өз араларыңда екенін, әрі Оның алдарыңнан қанахандықтар, хеттіктер, хевтіктер, перездіктер, гергестіктер, аморлықтар және ебустіктерді қуып шығатынын білетін боласыңдар: Міне, бүкіл әлемнің Иесінің Келісім сандығы алдарыңда Иорданға енейін деп тұр. Енді Исраилдің руларынан бір-бір адамнан, барлығы он екі адамды таңдап алып, белгілеңдер. Сонда бүкіл әлемнің Иесі — Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп келе жатқан діни қызметкерлердің аяқтары Иордан өзенінің суына түсісімен, өзеннің жоғарғы жақтан ағып келе жатқан суы бөгеліп, бір жерге жиылып тұра қалады». Сонымен халық қостарын жинады. Олар Иордан өзенінің арғы жағына өтейін деп жатқанда, Келісім сандығын көтерген діни қызметкерлер халықтың алдында жүрді. Бұл (көктемдегі) егін ору науқаны болып, Иордан өзені арнасынан шығып тасып жатқан мерзім еді. Ал Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иорданның жағасына жетіп, суға аяқтарын малған кезде, жоғарғы жақтан ағып келе жатқан су бөгеліп, алыста, Сартанның маңайындағы Адам қаласының жанында, бір жерге үйілгендей жиылып тұра қалды. Содан өзеннің төменгі алқаптағы Өлі теңізге қарай ағып жатқан суы сарқылып қалды. Осылайша халық Иерихонның қарама-қарсы тұсынан Иордан өзенінен өте шықты. Бүкіл Исраил халқы өзеннің құрғап қалған арнасымен арғы жаққа өтіп болғанша, Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иордан өзенінің ортасындағы құрғақ жерде қозғалмастан тұра берді. Тау-төбені ойрандап, бос қалдырамын,Өсімдік атаулысын қуратамын,Өзендерді құрлыққа айналдырып,Көлдерді де кептіріп құрғатамын. Баяғыда Жаратқан Ие ата-бабаларымыз үшін теңіздің аласұрған суларынан өтетін жол салған болатын. Жаудың соғыс күймелерін, аттарын және мықты әскер күштерін Мысырдан ала шыққан еді. Олар бәрі бірдей жер құшып, қайтып тұрмайтын болды, сөнген шырақтай өмірлері өшті.Бүгінде Жаратқан Ие мынаны айтады: Сонда Сен теңіздің суын құрғатыпТүпсіз тұңғиығынан бір жол аштың,Халқыңды жаудың қолынан құтқарыпСол жолмен арғы жаққа алып шықтың!
Выбор основного перевода