Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! Ей, аспан, шаттана шырқап, жер де, қатты қуанып, тау-төбелер де, шуылдап мақтау айтыңдар! Жаратқан Ие өз халқын жұбатып, азап шеккендеріне жаны ашып мейірім танытады. Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің тау-төбелерге, аңғарлар мен шатқалдарға арнаған сөзіне құлақ салыңдар! Біліп қойыңдар, Мен сендерге қарсы жаудың семсерін жіберіп, биіктеу жерлеріңдегі (жалған тәңірлерге бағышталған) табыну орындарын жойғызамын. Ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан азат болуларың үшін не төленгенін білесіңдер: күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес, Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі.
Выбор основного перевода