Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің шынымен Құдай екендігі, Одан басқа шынайы құдайдың жоқ екендігі өздеріңе анық болу үшін осы ұлы да үрейлі істер көрсетілді. Сол себепті көкте де, жерде де Жаратқан Иенің жалғыз Құдай екендігін, Одан басқа ешбір (шынайы) құдайдың жоқ екендігін бүгін біліп, мұны жүректеріңе құйып алыңдар! Біліп алыңдар енді, Менің Өзім,Жалғыз Өзім ғана (шынайы) Құдаймын,Менен басқа құдай болмас дәйім!Өмірді алар яки қайтарар Өзіммін,Жаралап, жараны жазар да Менмін,Құтқара алмайды өз қолымнан ешкім. Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті,Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы,Берік қорған да жоқ Құдайымыз сияқты! Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан,Құдай жартастай берік, мәңгі қорған. Ал, Құдайдың халқы, сендер Оған бағышталған мейрам күнінің қарсаңындағы кеште қуана шырқайтындай ән салатын боласыңдар. Сендер Исраилдің жартастай берік Қорғаушысы — Жаратқан Иенің Сион тауына қарай сыбызғының даусына сәйкес салтанатты шерумен жүріп бара жатқан кездеріңдей, жүректерің шаттыққа кенелмек. (Жалған тәңірлеріңді) алып келіңдер, олар не болатынын алдын ала айтып берсін! Ақылмен байыптап, немен бітетінін ұғуымыз үшін бізге бұрынғы оқиғалардың мәнісін білдіріңдер немесе болашақ жайттарды паш етіңдер! «Ал сендер Мен туралы шындықты паш етуге тиіссіңдер, ей, Исраил халқы! — дейді Жаратқан Ие. — Мені жақыннан танып, Маған сеніп, кім екенімді ұғынуларың үшін таңдап алған қызметшімсіңдер. Менен бұрын болған да, кейін бола алатын да ешқандай құдай жоқ! Мен Жаратқан Иемін, жалғыз Құдаймын, Менен өзге құдай жоқ! Өзімді білмесең де, Мен сені күшті қыламын. Сонда сендер Менің Исраилдің арасында тұратынымды және өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді, әрі Менен басқа ешқандай Құдайдың жоқ екенін білетін боласыңдар.
Выбор основного перевода