Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Ешүрун семіріп қыңырланды,Халық әбден тойынып қоң жинады,Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,Жартастай Құтқарушысынан безіп кетті. Бас қосқанда халықтың басшылары,Олармен бірге Исраилдің рулары,Жаратқан Ие болды Ешүруннің Патшасы. «Уа, Ешүрун, ешкім ұқсамас Құдайыңа,Ол салтанатпен келеді сені қолдауға,Бұлттар үстімен жүреді аспанда. Аралдар мен теңіз жағалауларындағы елдер, алыстағы халықтар, сөзіме құлақ түріп, тыңдаңдар: мені ана құрсағынан-ақ Жаратқан Ие тағайындады, есімімді туған кезімнен-ақ есінде сақтады. Ал енді Жаратқан Ие сөйлейді. Ол мені анамның құрсағында қалыптастырып, Өзінің қызметшісі болуға дайындаған еді. Маған Жақыптың үрім-бұтағын, Исраил халқын, Өзінің қасына қайтарып жинауды тапсырды. Өйткені Жаратқан Иенің алдында қадірлімін, Құдайым маған күш-қуат сыйлайды. Бірақ Құдай мені анамның құрсағында жатқанда-ақ таңдап, Өзінің зор рақымымен шақырып алды. Содан Ол маған өз қалауымен
Выбор основного перевода