Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда жер бетіндегі күллі халықтар Жаратқан Иенің атымен аталғандарыңды көріп, сендерді қастерлеп, сендерден қаймығатын болады. Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп:Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз,Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз». Олар Мен өздеріне сыйлайтын балаларын көргенде, Жақыптың Киелі Құдайы деген қасиетті есімімді құрметтеп, Мені, Исраилдің Құдайын, терең қастерлейді. Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Уа, Исраилдің үміті, қиын-қыстау кезіндегі Құтқарушысы! Неге Сен осы елде жат жұрттық адамдай, бір-ақ күн түнеп шығатын жолаушыдай болып тұрсың? Неліктен Сен таңырқап абыржыған кісіге, құтқара алмайтын жауынгерге ұқсайсың? Уа, Жаратқан Ие, Сен арамыздасың, біз Сенің есіміңмен аталған халқыңбыз, бізді тастап кете көрме! Мұнымен Ол Мәсіхке басқалардан бұрын үміт артқан біздің (яғни яһудилердің) Өзінің ұлылығын мадақтауымызды көздеді. Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы» — Иса Мәсіхтің Өзі.
Выбор основного перевода