Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім,Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім,Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме!Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!» Аспан, мұны істеген Тәңірді әнмен мадақта,Жер, сен де Оны дәріптеп шаттана айқайла,Шуылдап мақтаңдар, таулар, орман ағаштары да:Жаратқан Жақыптың әулетін құтқарып алды,Өз ұлылығын Ол Исраилде жар қылды! Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын. Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын. Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын,
Выбор основного перевода