Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бағып жүрген халқың әрі «отарыңбыз»,Сондықтан Өзіңді мәңгі мадақтаймыз,Күллі ұрпаққа ұлылығыңды даңқтаймыз. Болашақ ұрпақтар үшін бұл жазылмақ,Келер буындар Жаратқанды даңқтамақ: Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің! Бізге жаулардың қолынан құтылып,Өзіне еш алаңсыз қызмет етіп, Жаратқан Иеміздің көз алдындаҚасиетті де әділ өмір сүругеМәңгі мүмкіндік беретін болады. Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Выбор основного перевода