Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Соттаушымыз да, Заң Шығарушымыз да, Патшамыз да — Жаратқан Ие. Ол бізді құтқаратын болады. Құдайдың Қызметшісі адамдардан қорлық көріп, халыққа жексұрын болып, билеушілердің құлына айналған еді. Ал Исраилді құтқарушы Киелі Құдай — Жаратқан Ие оған тіл қатып былай дейді: «Сені көрген патшалар алдыңда тік тұрады, әміршілер де саған бас иетін болады. Себебі Мен — Исраил сиынған Киелі Құдай, сөзіне адал Жаратқан Ие, сені таңдап алдым!» Содан соң исраилдіктер қайта оралып, өз Құдайлары Жаратқан Иеге және өз патшалары — Дәуіттің ұрпағына бет бұрып мойынсұнатын болады. Олар сол кейінгі заманда Жаратқан Иені дірілдеп терең қастерлеп алдына келіп, Оның өздеріне сыйлайтын игіліктерін қабылдайтын болады.
Выбор основного перевода