Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп саған жар болады. Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болма!» Адамдарды басымызға шығардың,Оттан да, судан да бізді өткіздің,Ал ақыры молшылыққа жеткіздің. Құтқара гөр, уа, Құдайым менің,«Тасыған су» жетті мойныма дейін, Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,Азап шеккен кезінде оған жар боламын,Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін. Сонда патша:— Қараңдар, мен от ішінде емін-еркін, аман-сау жүрген төрт адамды көріп тұрмын! Ал төртіншісі тәңірдің баласы іспетті екен! — деп айқайлап жіберді. Даниял патшаға былай деп жауап берді:— Ешқандай білімпаз, балгер, сәуегей не сиқыршы сізге өзіңіз айтып отырған құпияны түсіндіріп бере алмайды. Иса оларға:— Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар? — деді де, орнынан тұрып, жел мен көлге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады.
Выбор основного перевода