Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның жат елдерден жинағандары,Шартараптан еліне қайтарғандары. Сол күн туғанда Тәңір Ие (ата-бабаларын Мысырдағы құлдықтан азат еткеніндей) тағы да құдіретті қолын алға созады. Оның халқының тірі қалғандары Ассурға, Төменгі мен Жоғарғы Мысырға, Құшқа, Елам мен Бабылға, Арамадағы Хаматқа және теңіз жағаларындағы алыс жерлер мен аралдарға шашырап кеткен еді. Енді Тәңір Ие оларды Өзіне қайтарады. Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек. Солтүстік Исраил елі енді қайтып Яһуданы күндемейді, Яһудаға қарсы жауласып келгендердің бәрі де ғайып болады. Бұдан былай Яһуда Солтүстік Исраилге қастық жасамайды. Керісінше, екеуі бірігіп батысқа қарай аттанып, қырат беткейімен құлдырап түсіп, філістірлерге шабуыл жасайды. Олар шығыстағы жау халықтардың олжаларын да иемденіп, Едом мен Моабқа билік құрады, Аммон да оларға мойынсұнады. Жаратқан Ие Мысыр теңізінің шығанағын құрғатып, жоқ қылады. Өзінің құдіретті қолын бұлғап, аңызақ желімен Евфрат өзенін де кептіріп тастайды: оның кісі жаяу өте алатындай таяз етіп жеті тармағын ғана қалдырады. Сонда Жаратқан Иенің халқының тірі қалғандарына Ассурдан шығатын даңғыл жол дайын тұрады. Бұл жайт олардың ата-бабаларының Мысыр елінен шыққан кезіндегідей болмақ. Қорықпа, Мен саған жар боламын,Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!Саған қуат беріп көмектесемін,Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін. Құрт секілді дәрменсіз Жақып халқы,Исраилдің азғантай жұрты,Қорықпа, Мен сені қолдаймын!» —Деп нық айтады Жаратқан Ие.Ол, Исраилдің Киелі Құдайы, сені туысқан қамқоршыдай азат етеді Ана құрсағында сені қалыптастырып жаратқан Қолдаушың, Мен, Жаратқан Ие, саған былай деймін: Қорықпа, Жақыптың үрім-бұтағы, қызметшім Менің, Өзім таңдап алған әділ халқым! Міне, бұлар алыстан, көбі солтүстік пен батыстан, басқалары Асуан аймағынан келе жатыр! Сондықтан қорықпа, уа, қызметшім Жақып, үрейленбе, уа, Исраил халқы! — дейді Жаратқан Ие. — Біліп ал: Мен сені жүрген алыс жерлеріңнен құтқарамын, ұрпақтарыңды да тұтқында жүрген елдерінен құтқарып алып келемін. Сол жерде Жақыптың үрім-бұтағы елге қайта оралып, аман-есен өмір сүреді. Ешкім де оларды қорқытпайды. Мен саған жар болып, сені құтқарамын, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Сені араларына шашыратып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртып жоқ қылмаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалаймын. — Ал сен, қызметшім Жақып, қорықпа! Үрейленбе, уа, Исраил халқы! Біліп ал: Мен сені шалғай жерлерден, ұрпақтарыңды да тұтқында жүрген елдерінен құтқарып алып келемін. Сонда Жақыптың үрім-бұтағы елге қайта оралып, аман-есен өмір сүреді. Ешкім де оларға қоқан-лоқы жасамайтын болады. Қорықпа, уа, қызметшім Жақып, — дейді Жаратқан Ие. — Себебі Мен саған жар боламын. Сені араларына айдатып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртпаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалап тәрбиелеймін. Әлемнің Иесі Өзі жауабын беріп мынаны уәде етеді: — Біліп алыңдар, Мен өз халқымды күншығыстан батысқа дейінгі бүкіл елдерден құтқарып аламын! Сендерге шындығын айтайын: шығыс пен батыстан келген көптеген жат жұрттық адамдар Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен бірге Құдай Патшалығында дастарқан басына жайғасатын болады.
Выбор основного перевода