Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан (Бабылдағы) әрбір адам аңшы қуған киіктей, бақташысы жоқ отардай өз халқы мен еліне қарай қашып кетеді. Жау көзіне түскен әркім найзамен шаншылады, қолға түскен әркім семсермен түйреліп өлтіріледі. Құрт секілді дәрменсіз Жақып халқы,Исраилдің азғантай жұрты,Қорықпа, Мен сені қолдаймын!» —Деп нық айтады Жаратқан Ие.Ол, Исраилдің Киелі Құдайы, сені туысқан қамқоршыдай азат етеді «Тағыңнан түсіп, топыраққа отыр, ей, Бабыл қаласы! Халдей халқының астанасы, сен ханша сияқты ешкімге бағынбаған едің. Ал енді тақыр жерде отыра бер! Бұдан былай сені ақсаусақ, нәзік деп атамайды.
Выбор основного перевода