Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Мен арттарыңнан қуып шықсын деп перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Осылай перғауынға және оның бүкіл әскеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін. Соған қарап мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді біліп мойындайтын болады».Исраилдіктер осылай істеп, сол жерде аялдады. Мысыр патшасына «Исраилдіктер қашып кетті» деген хабар жеткенде өзі де, нөкерлері де олар туралы көзқарастарын өзгертіп: «Біздің бұл не істегеніміз? Неліктен Исраилді босатып жіберіп, олардың біз үшін істейтін қызметтерінен ада қалдық?!» — десті. Перғауын өзінің соғыс күймесін жеккізіп, әскерін де бірге ала шықты. Сондай-ақ өзіне қарасты алты жүз таңдаулы соғыс күймесін және Мысырдың басқа да бүкіл соғыс күймелерін ертіп алды. Бұл күймелердің бәрінің өз басшылары болды. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр патшасы перғауынның жүрегін қасарыстырып қойды, сонда ол нық сеніммен алға басқан исраилдіктердің артынан қуа жөнелді. Мысырлықтар — күллі атты жасақтары, соғыс күймелері және бүкіл жаяу әскер исраилдіктердің артынан өкшелей отырып, оларды тынығуға жайғасқан теңіз жағасындағы Бағал-Сефонға қарама-қарсы, Пи-Һахироттың маңында қуып жетті. Сондай-ақ Ол күймелерінің дөңгелектерін шығарып тастап, күймелер әрең дегенде қозғалды. Сонда мысырлықтар: «Исраилдіктерден қашып құтылайық! Олар үшін Жаратқан Ие Мысырмен шайқасып жатыр!» — деп айқай салды. Тоналды батыл жүректі ер адамдар,Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар,Қол көтере алмайды бізге қарсы олар. Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:Соғыс күймелері және аттары.
Выбор основного перевода