Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласына тағы мынаны айтады: «Сен құлап, жаралылар күңіреніп, ортаңда халық қырылып жатқанда мұның шуынан теңіз жағалаулары селкілдемей ме? Сонда теңіз жағалауындағы елдердің барлық әміршілері өз тақтарынан түсіп, шапандарын сыпырып, кестелі киімдерін шешеді. Оларды қорқыныш билеп, ұдайы қалшылдап жерде отыратын болады. Сенің тартқан жазаңнан олар аңтарылып, зәрелері ұшады. Осылайша көп ұлттарды саған аңтарылып, үрейлене қарайтын қыламын. Мен олардың патшаларының алдында семсерімді сілтегенде, олар саған қарап төбе шаштары тік тұратын болады. Сен күйреген кезде олардың әрқайсысы әр сәт сайын өз өмірі үшін дір-дір ететін болады. Жер бетіндегі саудагерлер де жылап, оған жоқтау айтады. Себебі енді қайтып олардың тауарларын ешкім сатып алмайтын болады.
Выбор основного перевода