Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мардохай болған оқиға туралы толық білгенде, қатты қайғырып киімдерінің өңірін айыра жыртты. Содан ол азалы киім киіп, басына күл шашып, дауыстап жылап қаланың ортасына барды. Патшаның шығарған жарлығы жеткен аймақтардың барлығындағы яһудилер де ораза ұстап, еңіреп жылаумен болды. Олардың көбі азалы киім киіп, күл үстінде отырды. Алайда үш досы Әйүпті алыстан көріп, алғашқыда танымай қалды. Сонда олар дауыстап жылап, шапандарының өңірін жыртты. Аспанға қарай күл-тозаң шашып, оны бастарына да септі. Бабылдың азғындығы мен сән-салтанатты өмір салтына араласқан жер бетінің патшалары оны құртып жатқан өрттің түтінін көргенде жоқтау айтып, еңіреп жылайтын болады. Олар бастарына күл шашып, өкіріп жылап, былай деп жоқтау айтты:«Қайран қала,Ұлы қалаға қаралы күн туды!Теңіз кемелері барлардың бәріБұл қаланың дәулетімен байыған еді!Оның бір-ақ сағатта талқандалғаны-ай!»
Выбор основного перевода