Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тир теңізге шығар қақпада билік етіп, көптеген аралдармен және жағалаулардағы халықтармен сауда-саттық жасайтын. Сонымен Тир жайлы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:Уа, Тир, сен өзіңді: «Мен керемет көріктімін!» деген едің. Ескекшілерің Сидон мен Аруадтан шыққан финикиялықтар, ал епті кеме жүргізушілерің өз шеберлеріңнен еді, уа, Тир қаласы! Ей, Тир қаласы, парсылар, лүдиялық және либиялық адамдар жасақшы болып сенің қалың қолыңда қызмет ететін. Олар қамалыңның қабырғаларына қалқан-дулығаларын іліп, өзіңе салтанат әперген болатын.
Выбор основного перевода