Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі патша өзінің үлкен сауда кемелерін (Тир патшасы) Хирамның кемелерімен бірге әр үш жылда бір рет алыс сапарға жіберіп, олар алтын, күміс, піл сүйегін, маймылдар және тауыс құстарын алып келетін. Жосапат онымен келісіп, алысқа жүзіп бара алатын үлкен сауда кемелерін жасатты. Мұны (Қызыл теңіздің бір шығанағында орналасқан) кеме тоқтайтын Есион-Гәбер қаласында істетті. Тарсисқа барыңдар, (суық хабарды жеткізіңдер)! Уа, аралдардың тұрғындары, (Тирді жоқтап) жылаңдар! Уа, тарсистіктер, өзеннен өткендей өз елдеріңе қайтып барыңдар! Бұдан былай (Тирде) айлақ болмайды. Бұйымдарың ағыл-тегіл мол әрі байлығың зор болғандықтан Дамаск қаласы саған хелбондық шарап және ақшыл жүн әкеліп, сауда-саттық жасайтын. Тауарларың теңіздің ар жағынан келгенде, көптеген халықты қамтамасыз еттің. Өзіңнің мол байлығыңмен, саудаңмен әлемдегі патшаларды байытатын едің.
Выбор основного перевода