Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, халқым, қайғырып азалы киім киіп, күлге аунаңдар! Жалғызы өлген адамдай жоқтап, еңіреп жылаңдар! Өйткені құртушы жау бізге аяқ астынан бас салады. Жерде үнсіз отыр Сионның ақсақалдары,Азалы киініп, бастарына топырақ шашты.Ұялып бас иіп жүр Иерусалим қыздары. Соншама зор байлық бір-ақ сағат ішінде құрып кетті-ау!»Барлық кеме басшылары мен жолаушылары, теңізшілер мен теңізбен күн көретін өзгелер де алыста тұрып, оны құртып жатқан өрттің түтінін көргенде: «Бұрын-соңды осы ұлы қаладай басқа қала болған емес!» — деп айқайлады. Олар бастарына күл шашып, өкіріп жылап, былай деп жоқтау айтты:«Қайран қала,Ұлы қалаға қаралы күн туды!Теңіз кемелері барлардың бәріБұл қаланың дәулетімен байыған еді!Оның бір-ақ сағатта талқандалғаны-ай!»
Выбор основного перевода