Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ысмағұлдың ұлдарынан тараған ұрпақтар рет-ретімен былай аталады: Ысмағұлдың тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам, (Жасаған Ие былай дейді:) «Қидар тайпасы саған отар-отар қой-ешкілерін айдап әкеліп, Набайоттың адамдары да саған қошқарларын ұсынады. Сол малдар шалынып, құрбандық үстелімде өртелгенде Маған ұнамды болады. Мен сәулетті ғибадатханамды қайтадан нұрлы салтанатыма кенелтемін. Теңізді кесіп өтіп, батыстағы аралдарға барып, қараңдар, не шығыстағы Қидар еліне барып, жақсылап байқаңдар! Мынадай нәрсе бұрын-соңды болған ба еді: Арабияның және иен даланы мекендейтін әр түрлі ұлттардың барлық патшаларына, Бабыл патшасы Набуходоносор шабуыл жасамақ болған Қидар және Хасор аймағындағы патшалықтар туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Уа, Бабыл әскері, жиналып, Қидарға өрлеп аттаныңдар, шығыстағы тайпаларға бас салып, тонаңдар!
Выбор основного перевода