Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар терең сумен жүзіп, Мысырдағы Шихор алқабынан астық тасып әкелетін. Ніл өзенінің бойында жиналған өнімнен Тир қаласы пайда көріп, халықтардың сауда-саттық орталығына айналған еді. Тауарларың теңіздің ар жағынан келгенде, көптеген халықты қамтамасыз еттің. Өзіңнің мол байлығыңмен, саудаңмен әлемдегі патшаларды байытатын едің. «Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп сезінесің, бірақ сен Құдай емес, жай ғана пендесің! «Ей, пендем, Тир патшасын жоқтап, оған былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сен даналыққа кенелген, мінсіз келбетті әрі кемелділіктің үлгісі болатынсың.
Выбор основного перевода