Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласы туралы мынаны да айтады: «Мен сені қиратамын, ешкім тұрмайтын қалалар сияқты етіп тұңғиықты үстіңе шығарамын. Топан су сені басып тастамақ. Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел» теңіздегі сені қиратпақ. Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды. Тир өзіне қорған салып, күмісті шаң-тозаңдай, алтынды даладағы саз балшықтай үйіп жинап алды. Бірақ енді Тәңір Ие оның дәулетін тартып алып, байлығын теңізге лақтырады, қалғанының бәрін от жалмайды.
Выбор основного перевода