Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қаһарлы күнде байлықтан пайда болмайды,Ал әділдік өлімнен аман сақтайды. Ал енді, сен құлаған бұл күні жағалауларДірілдеп шайқалып, теңіздегі аралдарСенің құрып кеткеніңе аңтарылар». Бабылдың азғындығы мен сән-салтанатты өмір салтына араласқан жер бетінің патшалары оны құртып жатқан өрттің түтінін көргенде жоқтау айтып, еңіреп жылайтын болады. Олар Бабылдың көрген азабынан зәрелері ұша қорқып, қашықта тұрып былай деп жоқтамақ:«Ой, бауырым, басыңа қаралы күн туды! Ұлы, күшті Бабыл қаласы! Бір-ақ сағат ішінде үкімің кесіліп, іске асты!» Жер бетіндегі саудагерлер де жылап, оған жоқтау айтады. Себебі енді қайтып олардың тауарларын ешкім сатып алмайтын болады. Олар алтын-күмістерін, асыл тастары мен інжу-маржандарын, қымбат ақ бәтес, жібек, қою күлгін, ал қызыл маталарын, жұпар иісті ағаштардың барлық түрлерін, піл сүйегі, қымбат ағаш, қола, темір және мәрмәрдан жасалған алуан түрлі бұйымдарын, дәм қабығы мен өзге де дәмдеуіштерін, түтетілуге арналған мүр, ладан және басқа да хош иісті заттарын; сондай-ақ шарабы мен майын, ұны мен бидайын, ірілі-ұсақты малдарын, аттары мен арбаларын, әрі құлдарын — иә, адам өмірінің өзін! — саудаға салып келген болатын. «Сен сондай қатты ұнатқан жемістерден ада қалдың, барлық байлығың мен сәулелі салтанатың да бітті! Енді қайтып оларды таба алмайсың!» — дейді олар. Бабылда осының бәрімен сауда-саттық жасап, байып алғандар қаланың көрген азабынан зәрелері ұшып, қашықта тұратын болады. Олар еңіреп жылап, жоқтау айтып былай дейді: «Қайран қала, басыңа қаралы күн туды! Ұлы қала! Қымбат ақ бәтес, қою күлгін, ал қызыл киімдер киетінсің; алтын әшекейлер, асыл тастар, інжу-маржандарын тағынып, безеніп, жалт-жұлт ететінсің! Соншама зор байлық бір-ақ сағат ішінде құрып кетті-ау!»Барлық кеме басшылары мен жолаушылары, теңізшілер мен теңізбен күн көретін өзгелер де алыста тұрып, оны құртып жатқан өрттің түтінін көргенде: «Бұрын-соңды осы ұлы қаладай басқа қала болған емес!» — деп айқайлады. Олар бастарына күл шашып, өкіріп жылап, былай деп жоқтау айтты:«Қайран қала,Ұлы қалаға қаралы күн туды!Теңіз кемелері барлардың бәріБұл қаланың дәулетімен байыған еді!Оның бір-ақ сағатта талқандалғаны-ай!»
Выбор основного перевода