Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады:— Мен бұл қалаға амандық пен тыныштықты дариядай ағызып молынан сыйлаймын. Елдердің байлығын да оған тасқынды судай ағызамын. Сонда өздеріңді анасын еміп рақаттанған нәрестедей сезінесіңдер. Бұл, Сионның сендерді аялы алақанымен көтеріп алып жүріп, тізесіне салып, әлдилегені секілді тамаша болады. Сен «аластатылған, еш қамқоршысы жоқ Сион» деп аталғандықтан, Мен сені қайтадан сауықтырып, жарақаттарыңды жазамын. Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Выбор основного перевода