Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елдің батысындағы Шарон жазығы ұсақ мал отарларына жайылым және шығысындағы Ахор аңғары ірі қара табындарына тынығатын жер болады. Барлығы Маған бет бұрып сиынған халқымның меншігіне айналады. Яһуда елі мен оның барлық қалаларында диқандар мен малшылар бейбіт бірге тұратын болады. Сонда Мен Исраилді өзінің жайлы мекеніне қайтарып, ол қайтадан Қармил мен Башан тауларында жайылып, Ефрем мен Ғилақадтың қыраттары аймақтарында да тойынатын болады. — Қойшы қамқорлығындағы жайылып, бытырап кеткен қойларына назарын аударып, оларды іздеп, тауып алатынындай, Мен де «қойларымды» іздеп, табамын. Иә, бұлтты да қараңғы күні халқым бытырап кеткен жан-жақтағы барлық жерлерден Мен оны құтқарып аламын. Сонда халқымды өзге халықтардың арасынан қайтарып алып шығып, бөтен елдерден жинап аламын да, еліне алып келемін. Сонда халқымды Исраилдің қыратты жерінде, оның бұлақтарының маңында және елдің күллі қоныстанған аудандарында бағамын. Мен оларды Исраилдің биік тау-төбелеріндегі құнарлы жайылымдарда жайып жүремін. Сонда олар шұрайлы өрістерде оттап тынығып, Исраилдің қырат-қырқаларындағы шөбі шүйгін жайлауларда жайылып жүреді.
Выбор основного перевода