Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Табиғаттың осы тәртібі бұзылса ғана, Исраилдің үрім-бұтағы Менің көз алдымнан құрып, халық болудан қалады. Жоғарыдағы аспанды өлшеу мен төмендегі жердің түп негіздерін табудың мүмкін еместігі сияқты, Менің Исраилді барлық істегендері үшін Өзімнен біржола аластатуым да мүмкін емес!» — деп уәде береді Жаратқан Ие. Бұдан былай, жер жер болып тұрған уақытта, тұқым себу мен егін ору, аяз бен ыстық, жаз бен қыс, күн мен түн үздіксіз бола бермек». Ай іспетті ол тұрақты болып орнайды,Аспандағы адал айғаққа ұқсайды». «Нұхтың заманында топан су жер бетін басып кеткеннен кейін Мен енді қайтып жерге топан су жібермеймін деп ант еткен едім. Сол сияқты саған да былай деп ант беремін: бұдан былай саған ашуланып, сөгіс бермеймін.
Выбор основного перевода