Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда қаһарым оларға жалындай лаулап, Мен олардан бас тартып, бет-жүзімді жасырамын. Олар қырғынға ұшырап, бастарына көптеген бақытсыздықтар мен ауыртпалықтар түседі. Сол күндері халық: «Осы бақытсыздықтардың басымызға түскені Құдайымыздың бізбен бірге жүріп, жар болмағандығынан емес пе?» деп сұрайтын болады. Ал Мен олардың бөгде тәңірлерге бұрылып, істеген барлық әділетсіз іс-әрекеттері үшін олардан бет-жүзімді шүбәсіз жасырамын. Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағынан өз бетін жасырып жатса да, мен Оған үмітпен қарап, сенімімді арта беремін. Мен бұл қалаға жақсылық емес, жамандық істеуді ұйғардым. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын. Қала Бабыл патшасының қолына беріліп, ол оны өртеп жібереді.
Выбор основного перевода