Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер адам Жаратқан Иеге шүкіршілік ету үшін бір құрбандық әкелсе, онда ол сонымен бірге зәйтүн майы қосылған ашымаған нандар, ашымаған әрі майланған пәтір нандар және таңдаулы бидай ұнынан маймен жақсылап араластырылып пісірілген нандарды да қоса тартуы керек. Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,Оның есімін атап сиыныңдар,Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар! Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,Мәңгі ұласады берік рақымы! Кернейшілер мен әнші-күйшілер бірігіп бір дауыспен Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік айтты. Олар даңғыра, жетіген және шертердің сүйемелдеуімен ән-жыр айтып Жаратқан Иені былай деп дәріптеді: «Жаратқан Иеміз сондай ізгі, Мәңгі ұласады Оның мейірімі!»Сонда киелі үй Жаратқан Иенің бұлт іспетті нұрлы салтанатына кенелді. Шүкірлік тартуларын Иемізге ұсынсын,Шаттық әнмен Оның істерін паш қылсын! Сол кезде былай дейтін боласыңдар:«Жаратқан Иеге шүкірлік етіп,Есімін атап Оған сиыныңдар,Әділ істерін ұлттарға білдіріп,Есімінің ұлылығын хабарлаңдар! Жаратқан Иенің азат еткен халқыСионға ән шырқап қайтып келеді,Олар ұдайы мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі,Қайғы-қасірет, күрсіну атаулыБастарынан бірден алыстап кетеді! Сол сияқты, Жаратқан Ие енді Сион шаһарына да жаны ашып, оның қаңырап бос қалған жерлерінің бәрін кереметпен қалпына келтірмек. Ол елдегі шөл дала мен құла түзді жұмақ секілді, иә, Жаратқан Иенің пейіш бағының өзі іспетті ғажап етпек! Сонда Сион шат-шадыман болып, шүкірлікке, шырқалған әнге бөленетін болады. Содан Жаратқанның азат еткен халқыСионға ән шырқап қайта оралады,Олар мәңгі бақи мәз-мейрам болады,Қуаныш пен шаттыққа әбден толады.Қайғы-мұң атаулы бастарынан сондаЛезде алыстап кетеді біржолата. Мен елді қаңыратып, Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінен қуаныш пен шаттықтың үнін, күйеу бала мен қалыңдықтың көңілді дауыстарын шықпайтын қыламын!
Выбор основного перевода