Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Леуілік діни қызметкерлерге әрі бүкіл Леуі руына, Исраилдің өзге руларына берілетіні іспетті, мұралық жер үлестері табысталмайды. Олар Жаратқан Иеге ұсынылып өртелетін құрбандықтардың және Оған арналған басқа да сый-тартулардың өздеріне тиесілі бөліктерімен тамақтанатын болады. Алапес (сияқты жұқпалы тері) ауруларынан сақ болып, леуілік діни қызметкерлер не айтса, соны орындаңдар! Мен оларға берген нұсқауларды мұқият жүзеге асырыңдар. Мен осы кісілердің кейбіреулерін де таңдап алып, діни қызметкерлер және ғибадатханада қызмет көрсететін леуіліктер етіп тағайындаймын». — Жаратқан Ие осыларды нық айтады. Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Выбор основного перевода