Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені». Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,Азап шеккен кезінде оған жар боламын,Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін. Хабарларымды естіген едіңдер. Енді жүзеге асқандарының бәріне қарап көз жеткізіңдер! Оларды ашық мойындамайсыңдар ма?Бұдан былай Мен сендерге жаңа жайттарды жария етпекпін, өздеріңе беймәлім, жасырын жатқандарды хабарламақпын. Сол кезде Маған сиынып шақырасыңдар, алдыма келіп дұға етесіңдер, ал Мен сендерге құлақ асамын. — Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Өзіңнің ғаламат құдіретіңмен және алға созған қолыңмен аспан мен жерді жараттың. Сен істей алмайтын тым қиын нәрсе жоқ! — Мен, Жаратқан Ие, күллі адамзат атаулының Құдайымын. Қолымнан келмейтін іс бар ма?
Выбор основного перевода