Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Сүлейменнің жыры.)Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр,Патшаның ұлына да әділдікті үйрете гөр, Ол халқыңа әділетпен билік құрсын,Жарлыларыңа әділ үкім шығарсын. Қыраттар халқыңа молшылық берсін,Қырдан олар әділдіктің өнімін терсін. Патша халықтың жарлыларын қорғасын,Мұқтаждың ұрпақтарын да аман сақтасын,Ал қанаушыларын басып жуасытсын. Күн мен ай нұрын шашып болмайынша,Халқың Сені қастерлесін ұрпақтан ұрпаққа. Сол күндері Жаратқан Ие өсіріп шығарған «Жас Өскін» салтанатты да қадірлі болады. Исраил халқының қырғыннан тірі қалғандары осы жердің өнімін мақтан тұтып, даңққа кенеледі. Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Уа, бас діни қызметкер Ешуа және алдыңда отырған серіктестерің, тыңдаңдар! Сендердің барлығың болашақтағы кереметтің бейнесісіңдер. Біліп алыңдар: Мен Өзімнің «Өскін» деп аталатын Қызметшімді алып келемін.
Выбор основного перевода