Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Ие тұтқындарды СионғаҚайтарып алып келген уақытындаҰқсадық түс көріп жатқан адамға, Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағына аяушылық танытып, Исраил халқын тағы да Өзінікі қылып таңдап алып, оларды өз елінде қайтадан орналастырады. Жат жұрттықтар да мұнда келіп, Жақыптың үрім-бұтағына қосылмақ. «Ефрем Менің қымбатты ұлым, сүйікті балам іспетті емес пе? Оған айыптау сөздерін көп айтсам да, оны әлі де есіме алып отырамын. Жүрегім оны аңсайды, әрине, Мен оған рақымымды түсіремін!» — дейді Жаратқан Ие. Жоғарыдағы аспанды өлшеу мен төмендегі жердің түп негіздерін табудың мүмкін еместігі сияқты, Менің Исраилді барлық істегендері үшін Өзімнен біржола аластатуым да мүмкін емес!» — деп уәде береді Жаратқан Ие. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен енді Жақыптың үрім-бұтағын жер аударылып кеткен жағынан алып келіп, қолды болған мал-мүлкін қалпына келтіріп, бүкіл Исраил халқына мейірімімді түсіремін. Сөйтіп Өзімнің қасиетті есімімді қайрат-жігермен қорғаймын. Бірақ Яһуда еліне рақым көрсетіп, оны құтқарып қаламын. Алайда оларды құтқаратын шайқастағы садақ, семсер, атты әскер емес, Өзім — олардың Құдайлары Жаратқан Ие боламын. Сол кезде Мен халықты Өзім үшін елге сеуіп отырғызып, «Рақым-көрмегенге» рақым көрсетіп, «Халқым-еместі» енді «Өз-халқым» деп атаймын. Ал халық Маған: «Менің Құдайымсың!» дейтін болады!»
Выбор основного перевода