Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді:— Сол пайғамбарлар Менің атымнан сөйлегенсіп жалған айтып жүр. Мен оларды жіберген де жоқпын, сондай бұйрық берген де жоқпын! Оларға тіл қатқан да емеспін. Олар сендерге жалған аяндар мен болжамдарды білдіріп, түкке тұрғысыз түстері мен өздері ойлап шығарған әңгімелерін айтып жүр. «Мен бұл пайғамбарларды жіберген жоқпын, әйтсе де олар хабарларын жеткізуге асығады. Мен оларға сөйлеген де жоқпын, ал олар бәрібір пайғамбарлық сөздер айтқансиды. Менің атымнан өтірік хабар жеткізетін пайғамбарлардың не айтатынын да естідім. Олар: «Мен мынадай түс көрдім!» «Ал мен анадай түс көрдім!» — деседі. Олардың ата-бабаларының Бағалға табынғандарының кесірінен Менің кім екенімді ұмытқандары сияқты, олар да бір-біріне айтқан сол түстері арқылы Менің кім екенімді халқыма ұмыттыруды көздейді. Сондықтан сендерге «Бабыл патшасына бағынып қызмет етпейсіңдер!» деп болжайтын өз пайғамбарларыңа, бал ашушы, түс көруші не аруақ шақырушы сәуегейлерің мен сиқыршыларыңа сенбеңдер! Жаратқан Ие: Мен оларды жіберген жоқпын, — деп отыр. — Олар Менің атымнан өтірік хабар айтып жүр! Сондықтан Мен сендерді елден аластатамын, солай өздерің де, сендерге болжамдарын айтып жүрген пайғамбарларың да құрисыңдар!
Выбор основного перевода