Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еху өзге басшыларға қайтып келгенде, біреуі:— Қалай, тыныштық па? Ана есуас жігіт саған неге келіпті? — деп сұрады. Ол:— Оның қандай адам екенін, сөздерінің сиқын өздерің де білесіңдер ғой! — деді. Ал жетінші жылы діни қызметкер Еходай патшаның қарилық ұландары мен сақшылардың жүзбасыларын Жаратқан Иенің киелі үйіне шақырып алды. Еходай сол жерде олармен келісім жасап, оларға Жаратқан Иеге адал болуға ант бергізді. Содан оларға патшаның ұлын көрсетіп, Діни қызметкер Еходай сақшылардың жүзбасыларына: «Оны сақшылар қатарларының арасымен алып шығыңдар! Егер әлдебіреу оған еретін болса, соның көзін құртыңдар! — деп бұйырды. Сондай-ақ: — Оны Жаратқан Иенің киелі үйінде өлтірмеңдер!» — деп те қосты. Имер ұлы Пашхур есімді діни қызметкер Жаратқан Иенің киелі үйінің күзет бастығы болатын. Ол Еремияның халыққа жеткізген пайғамбарлық хабарында осындай нәрселерді айтып тұрғанын естіп, оны дүрелеп, Жаратқан Иенің ғибадатханасының Жоғарғы Бунямин қақпасының маңында бұғаулап тастады. Құдайдың жазалап, қарымтасын қайыратын күндері келіп қалды! Әй, Исраил халқы, осыны біліп қойыңдар! Күнәларыңның көп болғаны сонша, әрі өштесуіңнің де күшті болғаны сонша, сендер пайғамбарды ақымақ, Рухқа бөленген адамды жынды деп есептейсіңдер! Пауыл өзін ақтап, осылай сөйлеп тұрғанда, Фест қатты дауыстап:— Есің дұрыс емес, Пауыл! Көп оқып, ақылыңнан адасқансың! — деді.
Выбор основного перевода