Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Ей, жақсы хабарды Сион халқына жеткізуші, биік тау басына шық! Иерусалимге ізгі хабарды әкелуші, бар даусыңмен айқай салып жарияла! Қорықпай Яһуданың қалаларына: «Міне, Құдайларың!» деп хабарла! Біліп алыңдар, Жаратушы Тәңір Ие жуырда зор құдіретімен келіп, билікті өз қолына алады. Жеңісінің олжасы мен сыйы Оның қасында: азат еткен халқы алдында жүреді. Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді. Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: Біліп қойыңдар, Мен Жақыптың ұрпақтарына рақым көрсетіп, жер аударылған жағынан қайтарамын. Қирап, үйінді болған қала қайта тұрғызылып, қорғаны да өзінің бұрынғы орнында тұратын болады. Олардан шүкірлік ән-жырлары мен қуанғандардың үндері шығатын болады. Мен олардың сандарын азайтпай, өсіріп-өндіріп көбейтемін. Абыройға бөлеймін, олар енді масқара болмайды. Бұрынғыдай үбірлі-шүбірлі болып, қауымы Менің алдымда нығаяды. Мен оларға қысым көрсеткендердің бәрін жазалаймын. Олардың билеушісі халықтың ішінен, өз араларынан шығады. Оны Өзіме жақындатамын, ол Менің алдыма келе береді. Өйткені Мен шақырмасам, өздігінен Менің алдыма келуге кімнің дәті барады? — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Осылай сендер Менің халқым, ал Мен сендердің Құдайларың боламын. Сенің болашақтан үмітің бар, перзенттерің өз елдеріне қайтатын болады! — деп уәде береді Жаратқан Иенің Өзі.
Выбор основного перевода