Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие маған:— Нені көріп тұрсың? — деген сауал қойды. Мен:— Інжір жемістерін көріп тұрмын. Жақсылары өте жақсы, ал жамандары өте жаман, бұзылғандықтан тіпті жеуге келмейді, — деп жауап бердім. Ал жеуге келмейтін жаман інжірлер туралы Жаратқан Ие мынаны айтты: — Мен Яһуда патшасы Седекияхты, оның әміршілерін, Иерусалимнің тірі қалып, осы елде тұратын адамдарын және Мысырға көшіп қоныстанғандарын сол бұзылған, жеуге болмайтын жемістерге ұқсатамын. Мен барлық патшалықтарды олардан шошынып аңтарыла жиренетін қыламын. Қай жерге шашыратып жіберсем де, олар мазаққа айналып табаланады әрі келекеленіп қарғалатын болады. Ата-бабаларына Өзім табыстаған осы елден олар толығымен құрып кетпейінше, Мен оларға семсер, ашаршылық және індет жібере беремін. Ал егер бір ұлт не бір патшалық Бабыл патшасы Набуходоносорға бағынып оның мойынтұрығын киюден бас тартса, Мен ондай ұлтты семсер, ашаршылық және індетпен жазалап, сол патшаның қолымен құртамын! — дейді Жаратқан Ие. — Назар аудара көрші, қаланы басып алу үшін жау қамал қабырғасының қасына үймектер үйіп жатыр. Семсер, ашаршылық, індеттің кесірінен қала бізге қарсы тап берген халдейлердің қолына түсейін деп жатыр. Сенің айтқаның дәл келді, соны Өзің де көріп тұрсың.
Выбор основного перевода