Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендердің есімдерің Менің таңдап алғандарым үшін қарғыс іспетті болып қалады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, көздеріңді құртамын, ал адал қызметшілеріме жаңадан құрметті есім сыйлаймын. Яһуданың патшасы Езекия ұлы Манасаның Иерусалимде істеген зұлым істері үшін Мен оларды жер бетіндегі барлық патшалықтардың алдында қорқынышты көрініс етемін. Мен барлық патшалықтарды олардан шошынып аңтарыла жиренетін қыламын. Қай жерге шашыратып жіберсем де, олар мазаққа айналып табаланады әрі келекеленіп қарғалатын болады. солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Менің қаһарым Иерусалим тұрғындарына төгілгендей, Мысырға көшкен кездеріңде сендерге де төгіледі. Сендер қарғалып, қорқынышты көрініске айналып, масқара мен мазаққа ұшырайсыңдар. Ал осы жерді сендер енді қайтып көрмейтін боласыңдар.
Выбор основного перевода