Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол алыс жерлерде сендер өз Құдайларың Жаратқан Иені іздеп, Оған бет бұра бастайсыңдар. Егер Оған шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен бет бұрсаңдар, Оны табасыңдар. Ендеше шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен Құдайларың Жаратқан Иеге бет бұрып, бағышталыңдар! Құдай Иенің киелі үйін тұрғызуға кірісіңдер! Құрылысты бітіргеннен кейін Жаратқан Иенің Келісім сандығын да, Құдайға бағышталған құрал-жабдықтарды да Жаратқан Иенің есіміне арнап салынған осы киелі үйге апарып қойыңдар! Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Еху Охозияхтың өзіне де іздеу салды. Охозиях Самария қаласында тығылып отырған жерінен табылып, Ехуге әкелінді. Еху Охозияхты да өлімге кесті. Кейін халық: «Ол — кезінде Жаратқан Иеге шын жүректен бет бұрып мойынсұнған Жосапаттың немересі ғой», — деп ескеріп, мәйітін құрметпен қабірге қойды.Осылайша Охозияхтың әулетінен патшалық құруға қабілетті ешкім де қалмады. Мен де сүйемін өзімді сүйгенді,Іздеп жүрген тауып алады мені. Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар! Оларға Мені, Жаратқан Иені, жақыннан танып біле алатын жүрек сыйлаймын. Олар Маған шын жүректен қайтып келгендіктен Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. Құдайдан сұраңдар, сонда ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады.
Выбор основного перевода