Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ондай адам құлазыған далада өсіп тұрған бұта сияқты болады. Ол ешқандай жақсылықты көрмей, шөлдің қуаңшылықтан жарылып кеткен, ешкім тұрмайтын сортаң жерін мекендегендей болады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Бұл кісіні баласыз, өмір бойы табысқа жетпейтін адам деп жазып қойыңдар! Себебі оның бірде-бір баласы Дәуіттің тағына отырып, Яһуда еліне билік жүргізбейтін болады». Сол себепті Жаратқан Ие мынаны айтады: Енді Мен сені жер бетінен аластатып қуып жіберемін! Дәл осы жылы өлесің, өйткені сен халықты Жаратқан Иеге қарсы шығуға арандаттың. Мен оның өзін де, ұрпақтарын да, нөкерлерін де зұлымдықтары үшін жазалаймын. Ескертулеріме құлақ аспағандарына бола Мен оларға және Иерусалим мен Яһуданың тұрғындарына жіберемін деп алдын ала айтқан апаттардың бәрін де бастарына түсіремін.
Выбор основного перевода