Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пайғамбарлар жалған сөйлеп, діни қызметкерлер өз беттерімен өктемдік жүргізеді. Бұл Менің халқыма тіптен ұнайды! Бірақ ақыр соңы жеткенде сендер не істемексіңдер?!» Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді:— Сол пайғамбарлар Менің атымнан сөйлегенсіп жалған айтып жүр. Мен оларды жіберген де жоқпын, сондай бұйрық берген де жоқпын! Оларға тіл қатқан да емеспін. Олар сендерге жалған аяндар мен болжамдарды білдіріп, түкке тұрғысыз түстері мен өздері ойлап шығарған әңгімелерін айтып жүр. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, Өзімнің атымнан хабарларын жеткізіп жүрген пайғамбарлар туралы мынаны айтамын: Мен оларды жіберген емеспін. Бірақ олар: «Бұл елге не семсер, не ашаршылық жуымайды!» деп жариялап жүр. Расында дәл осы пайғамбарлардың өздері семсерден қаза тауып, аштан өледі! Содан соң Еремия пайғамбар Хананиях пайғамбарға қарап былай деді:— Тыңда, Хананиях! Өзіңді Жаратқан Ие жібермеген болса да, сен мына халықты жалған хабарға сендіріп келесің. Ал енді, Мен Иерусалимнен Бабылға жер аудартқан сендердің барлығың, сөзіме құлақ салыңдар! Нехеламдық Шемаяхқа былай де:
Выбор основного перевода