Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Қыздар екінші харемге әкелініп жиналған кезде, Мардохай патша сарайының қақпасында қызмет ететін болды. Мардохай патша қақпасында қызмет етіп жүрген сол күндердің бірінде кіреберісті күзететін екі сарай қызметкері бірдеңеге патшаға өкпелеп ашуланып қалды. Олардың есімдері Бигтана және Тәреш болатын. Содан екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырды. Оның салтанатпен ашылу рәсіміне Набуходоносор патшалығының аймақ әміршілерін, қолбасшыларын, әкімдерін, кеңесшілерін, қазынашыларын, төрешілерін және қала әкімдерін, яғни аймақтарының барлық билеушілерін, шақырды. Сол шақырылғандардың бәрі де патша орнатқызған мүсіннің алдында жиналып тұрған кезде Осы арада өзіңіз Бабыл аймағының басқарушылары етіп тағайындаған Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего деген яһудилер бар. Олар не сіздің берген әміріңізді менсінбейді, не тәңірлеріңізге ғибадат етпейді, не өзіңіз орнатқан алтын мүсіннің алдында иіліп тағзым етпейді!
Выбор основного перевода