Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бабыл қаласы — патшалықтардың сән-салтанаты, халдей халқының асқақ мақтанышы. Алайда Мен, Құдай, Содом мен Ғомораға істегенімдей, Бабылдың да астан-кестенін шығарамын. Ал қазір Мен сендердің барлық елдеріңді Өзімнің еркімді іске асырушы Бабыл патшасы Набуходоносордың билігіне тапсырып отырмын. Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Мен барлық осы халықтардың мойнына темір мойынтұрық кигізіп, оларды Бабыл патшасы Набуходоносорға басыбайлы қызмет етуге мәжбүрледім. Содан олар оған сөзсіз қызмет ететін болады! Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін. Мүсіннің басы саф алтын, көкірегі мен қолдары күміс, іші мен екі саны қола, Уа, патшам, Алла Тағаланың тақсыр иеме шығарған осы үкімінің мағынасы мынау: Сіз адамдардың арасынан аластатылып, аңдармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып тұратын боласыз. Сонымен сіз Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, билікті Өзі қалаған кісісіне табыстайтынын ұққанға дейін жеті кезең өтетін болады.
Выбор основного перевода