Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Содан Дәуіт Жаратқан Иені бүкіл жамағаттың алдында мадақтап былай деді:«Уа, Жаратқан Ие, арғы атамызИсраил сиынған Құдайымыз,Мәңгі Саған арналсын мақтауымыз! Мұнан кейін Ешуа, Қадмиел, Бани, Хашабнея, Шеребиях, Ходия, Шебаниях және Петахиях есімді леуіліктер жамағатқа тіл қатып былай деді: «Орындарыңнан тұрып, Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар! Ол мәңгілік болып келген әрі мәңгілік бола береді!» (Содан олар былай деп мінажат етті:)«Сенің есімің мадақтала берсін, ол барлық мадақ пен даңқ атаулыдан жоғары! Ал нағыз даналық пен құдірет тек Құдайда, дана ақыл-кеңес пен парасат та Оның Өзінде. Қазіргі кезден мәңгілікке дейінЖаратқанның есімі дәріптеле берсін! Жоспарларың сондай ұлы, істерің сондай керемет! Сенің көздерің адам баласының барлық істерін анық көреді. Әркімге жүрген жолдары мен істеген істерінің жемісі бойынша лайықтысын бересің. Заман мен дәуір атаулыны өзгертеді,Әрі патшаларды тағайындап қояды,Ал кейін оларды орнынан алады,Ол даналарға тағы даналық қосады,Түсінігі барларға білім дарытады, Құдайда әрдайым жарық нұр болады,Ол құпия, көмескі жайттарды ашады,Түнектегілерін де анық ұғады. Алғыс айтып, Сені мақтаймын ұдайы,Уа, ата-бабаларым сиынған Құдайы!Даналық пен күшке Сен қолымды жеткіздің,Сұрағанымызды маған ашып бердің,Патшаның талап еткенін бізге білдірдің!» «Исраилдің сиынатын ҚұдайыМадақталсын: оның Жаратқан Иесі!Құдай таңдап алған халқына келеді,Оны құтқарып алып азат етеді! Олар қатты дауыспен әндетіп былай деді:«Құрбандыққа шалынған ТоқтыБилік пен байлықты,Даналық пен құдіретті,Құрмет, ұлылық пен дәріптіҚабылдауға әбден лайықты!»
Выбор основного перевода