Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ал құдайсыздарда солай болмайды,Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды, Көп ұзамай зұлым адам ғайып болар,Іздесең таппайсың, орны босап қалар. Кейінгі заманда Жаратқан ИеніңКиелі үйі тұрған Сион тауыБастысы болады бар тау-төбелердің,Бәрінен де оның атақ-даңқыӘлдеқайда жоғары болып қалады.Барлық халықтардың адамдарыСоған қарай ағылатын болады. «Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің,Жақыптың халқы сиынған Құдайдың,Сион тауындағы киелі үйінеӨрлеп барайық барлығымыз, кәне!Сол жерде Жасаған Иеміз бізгеАқ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік,Оның әділ еркін орындай берейік!»Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп.Сөзін таратады тәлімін үйретіпЖаратқан Ие Иерусалимнен,Сиондағы өз киелі үйінен. Сондықтан олар тез сейілетін таңғы тұман не тез кебетін шық сияқты, әрі қырманнан жел айдап ұшыратын кебек не үйдің мұржасынан шығатын түтін сияқты лезде ғайып болады. Ал әлгі Тасқа сүрініп құлаған әркім талқандалады, әрі осы Тас үстіне құлағандар жаншылып қалады! Иса оларға қарап былай деп жауап берді:— Ендеше Киелі жазбалардағы мына сөздердің мағынасы не: «Құрылысшылар менсінбеген Тас енді үйдің басты іргетасына айналды!» Әлгі Тасқа сүрініп құлаған әркім талқандалады, әрі осы Тас үстіне құлағандар жаншылып қалады! Соған түскен Мәсіх — аспаннан әлдеқайда жоғары орынға, «көктің ең биігіне», көтеріліп кеткеннің дәл Өзі. Осылайша Мәсіх бүкіл әлемге өз билігін орнатпақ. Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды көрдім. Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады.
Выбор основного перевода