Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жәбірейіл мен тұрған жерге жақындап келгенде, қатты қорқып, иіліп, жерге етпетіммен жата кеттім. Ол маған: «Ей, пенде, бұл көріністің сол ауыр заманның ақыр соңы жайында екенін біліп қой», — деді. Петір үйге кіргенде, Корнел оның алдынан шығып құрметтеп, аяғына жығылды. Қаланың сыртында Зевске арналған ғибадатхана бар болатын. Сондағы діни қызметкер гүлдестелермен әшекейленген бұқаларды қала қақпасының алдына алып келіп, халықпен бірге құрбандыққа шалмақшы болды. Айнала тұрғандар енді Пауылдың денесі ісіп кетеді немесе өліп, жерге бір-ақ құлайды деп, едәуір уақыт күтіп тұрды; бірақ оған ештеңе болмағанын көрген соң, ойларын өзгертіп: «Мынау бір тәңір болар!» — десті. Мен (аң-таң болып) аяғына жығылып, бас ұрмақ едім. Бірақ ол маған: «Олай жасама! Мен өзіңмен және Исаның шынайы хабарын ұстанатын бауырластарыңмен бірге қызмет етушімін. Қайта, Құдайға бас ұрып ғибадат ет!» — деді. Себебі Исаның шынайы хабарын жеткізу — пайғамбарлық сөз айтудың нағыз мәнісі.
Выбор основного перевода