Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
«Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. «Патшалардың патшасы Артақсерікстен көктегі Құдайдың заңының мұғалімі әрі діни қызметкер Езраға сәлем. Бірде Құдай маған былай деп айтты,Талай рет мен естігенмін мынаны:Құдіретті күш, о, Құдай, Сенікі. «Ей, Бабыл, халдей халқының астанасы, қараңғы жерге барып, үніңді шығармай отыр! Сені енді қайтып патшалықтарға билік жүргізетін ханым деп атамайтын болады. Ал қазір Мен сендердің барлық елдеріңді Өзімнің еркімді іске асырушы Бабыл патшасы Набуходоносордың билігіне тапсырып отырмын. Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін. Бабыл патшалығы мен патшасына сотталу уақыты жеткенге дейін, барлық халықтар оның өзіне, ұлы мен немересіне мойынсұнып қызмет ететін болады. Содан кейін Бабылдың өзі көптеген халықтар мен ұлы патшаларға бағынышты болады. Өйткені Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, Мен солтүстіктен патшалардың ішіндегі ең қуатты патша — Бабыл патшасы Набуходоносорды ат жегілген соғыс күймелері, атты әскері және қалың қолымен бірге алып келмекпін. Уа, патша, Алла Тағала атаңыз Набуходоносорға патшалық билік пен ұлылық, даңқ, қадір-құрмет пен салтанат сыйлаған еді.
Выбор основного перевода