Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Набуходоносор (Бабыл еліне) патшалық құрған екінші жылы қорқынышты түстер көріп, соларды уайымдап, ұйқысынан айырылды. Содан ол түстерінің мазмұнын біліп алу үшін елдегі абыздар, балгерлер, сиқыршылар мен жұлдызшыларды шақыртты. Олар келіп, патшаның алдына жиналды. Патша оларға:— Мен түс көрдім, содан жаным тыншымай отыр. Түстің мазмұнын білгім келеді, — деді. Жұлдызшылар патшаға арамей тілінде:— Уа, патша ағзам, өміріңіз ұзақ болсын! Бізге түсіңізді айтып беріңіз, сонда оны сізге жорып береміз! — деп жауап қайтарды. Алайда патша:— Жарлығым мынадай: егер маған көрген түсімнің мазмұны мен мағынасын айтып бермесеңдер, өздеріңді кескілеп өлтіртіп, үйлеріңді жермен-жексен қылғызамын! Ал егер түсімнің мазмұны мен мағынасын айтып берсеңдер, мен сендерге көп сый-тартулар беріп, зор құрметке ие боласыңдар. Сондықтан маған түсімді және оның мағынасын айтып беріңдер! — деп бұйырды. Олар тағы да патшадан:— Түсіңізді бізге айтып берсеңіз, оны сізге жорып береміз! — деп өтінді. Бірақ патшаның жауабы мынау болды:— Сендердің жай ғана уақытты созып тұрғандарыңды көріп тұрмын. Менің мынаны нық шешкенімді жақсы білесіңдер: егер түсімді айтып бермесеңдер, бәріңе де бірдей үкім кесіледі. Ал сендер жағдай өзгергенше мені алдайтын жаман нәрселерді айтуға сөз байластыңдар. Сондықтан қандай түс көргенімді айтып беріңдер! Сонда сендердің оны жори алатындарыңа да көз жеткіземін. — Жұлдызшылар:— Уа, патша ағзам, тапсырған бұл мәселеңізді жер бетіндегі бірде-бір адам шешіп бере алмайды. Ешбір патша, қандай ұлы да құдіретті болмасын, бірде-бір сәуегей, балгер, жұлдызшыдан бұрын-соңды мұндайды талап еткен емес! Уа, тақсыр, бұл тапсырмаңыз тым қиын. Түсіңізді сізге тәңірлерден өзге ешкім де ашып бере алмайды, ал олар адамдардың арасында тұрмайды ғой! — деп жауап қайтарды. Мұны естігенде патшаны ашу-ыза кернеп, Бабылдағы барлық білімпаздардың көзін құртуға бұйырды. Патшаның бұйрығы қатаң және пештің ыстық болғаны соншалық, Шадырақ, Мисақ, Әбдінегоны пешке лақтырып жатқан адамдардың өздері отқа күйіп өлді.
Выбор основного перевода