Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Содан кейін төртінші, темірдей мықты патшалық шығады. Темір қарудың барлық нәрсені сындырып, талқандай алатыны сияқты, осы патшалық та сол бұрынғы патшалықтарды талқандап күйретеді. Мүсіннің аяғы мен башпайларының жартылай қыштан, жартылай темірден болғанын көрдіңіз ғой. Бұл — сол төртінші патшалықтың екі бөліктен тұратынын бейнелейді. Кейбір бөлімдері темірдей қатты әрі күшті, ал басқалары қыш сияқты морт сынғыш болады. Мүсіннің аяғы мен башпайларының жартылай қыштан, жартылай темірден болғанын көрдіңіз ғой. Бұл — сол төртінші патшалықтың екі бөліктен тұратынын бейнелейді. Кейбір бөлімдері темірдей қатты әрі күшті, ал басқалары қыш сияқты морт сынғыш болады. Өзіңіз көрген сол көріністегі темірдің қышпен араласқаны іспетті, сол бөлімдері де бір-бірімен араласады. Бірақ темірдің қышпен біртұтас бола алмайтынындай, араларында шынайы бірлік болмайды.
Выбор основного перевода