Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ал егер түсімнің мазмұны мен мағынасын айтып берсеңдер, мен сендерге көп сый-тартулар беріп, зор құрметке ие боласыңдар. Сондықтан маған түсімді және оның мағынасын айтып беріңдер! — деп бұйырды. Оның жапырақтары әдемі, жемісі мол, бәрінің азығына жететіндей болды. Даланың аңдары оның көлеңкесін паналап, құстар бұтақтарына ұялап, бүкіл тіршілік атаулы одан тамағын тауып жүрді. Патшалығыңызда киелі тәңірлердің рухы қонған бір адам бар. Атаңыздың көзі тірісінде сол кісінің тәңірлердікі сияқты ақыл-парасаты мен көрегендігінің бар екендігі анықталған болатын. Сол адамды атаңыз Набуходоносор патша сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылардың үстінен қарайтын басшы етіп тағайындаған еді.
Выбор основного перевода